00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бүгін елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

31.03.2023 | 22:13
Елорда ақпарат
119

Бүгін елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, бір реттік шара аясында Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік тіркеудегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктері мен рөлі оң жақтағы автокөліктер заңдастырылмақ.

Ол үшін автокөлік елге былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген және криминалдық есепте болмауы тиіс. Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет. Алғашқы тіркеу үшін 200 мың теңге, тех. паспортқа мемлекеттік БАЖ 4 мың 313, ал мемлекеттік нөмір үшін 9 мың 660 теңге талап етіледі.  

Все новости