00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан туризм бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында

31.03.2023 | 22:01
Елорда ақпарат
351

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға келушілер саны 3,4 млн адамға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,6 есе артты. Бірақ елге келген адамдар санының өсуі туризммен байланысты емес, деп хабарлады Elorda.info.

Energyprom.kz сарапшыларының зерттеуінше, Қазақстандағы келушілердің артуына екі нәрсе әсер еткен. Біріншісі – коронавирустық пандемияға байланысты карантиндік шектеулердің жойылуы. Екіншісі, Ресейдегі мобилизацияға байланысты ресейліктердің жаппай келуі. 

Сыртқы туризм айтарлықтай басым. Мысалы 2022 жылдың тоғыз айында басқа елдерге 5,6 млн қазақстандық демалуға кетті. Бұл өткен жылы шетелде қыдырғандардан 2,2 есе көп.

Ішкі туризм, яғни Қазақстан ішінде саяхаттау деңгейі артқан, алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,1%-ға көп.

U.S.News-тің туризм бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінде 84-ші орында тұр. Туризмі ең нашар ел Иран болса, одан кейінгі кезекте Қазақстан. Еліміз Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей сияқты елдерден ғана емес, Замбиядан, Ливаннан, Мьянмадан да артта қалған. 

ҚР туристік имиджін қалыптастыруды дамыту үшін бірнеше қадамдар жасауда, бірақ ол нәтижесіз секілді. Мысалы, Қазақстанда мезгіл сайын KITF-тің "Туризм және саяхат" атты халықаралық көрмесі өтеді, ол көбінесе көшпелі туризмді дамытуға ықпал етеді. Көрмеге отандық туроператорлар мен басқа да түрлі елдердің өкілдері келеді.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыру мониторингінің нәтижелері бойынша "Туризм мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру" санатында ведомствоға 402 млн теңге ұсынылды.

Алайда мұнда орындалу пайызы небәрі 21,3%, ал игерілмеген сома — 316,2 млн теңге.

Все новости