00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мәсімовке тағы екі іс бойынша айып тағылды

31.03.2023 | 22:01
Елорда ақпарат
85

Мамандандырылған әкімшілік сотында сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айыпталған Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты материалдар қаралуда, деп хабарлады Elorda.info.

Павлодар қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының мәлімдеуінше, сотталушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің («Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады») 234-1-баптары бойынша екі іс түскен әкімшілік соттың отырыстарына қатысады.

Аталған бап бойынша бюджет заңнамасын бұзуға жол берген мемлекеттік органдардың басшыларына 100 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік,Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын. 2022 жылы 13 шілдеде Антикор Шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оны Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде ұстады.

Все новости