Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған қалалар белгілі болды
![](/img/articles/uploads/63be8cbf6e7d9757905078_82821f13d7.jpg)
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, министрлік қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, балық шаруашылығы салалары бойынша жұмыс атқарады.
Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелері көрсеткендей, 45 елді мекеннің 10 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары. Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер екендігі анықталды. Сайлауалды тұғырнама аясында Мемлекет басшысы ластаушы заттардың шығарындыларын 20 пайызға азайту міндетін қойды, - деп атап өтті ведомствоның жаңа басшысы.
Сонымен қатар министр биыл былтырмен салыстырғанда қоршаған ортаны ластайтын шығарындылардың көлемі азайғанын алға тартты.
Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда, алдын ала мәліметтер бойынша ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің нақты көлемі былтыр 4,1 пайызға, яғни 2,4 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға және тиісінше 11,7 пайызға (1,02 млн тоннадан 0,9 млн тоннаға дейін) төмендеді, - деді Зүлфия Сүлейменова.
Белгілі болғандай, жалпы экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстары қабылданған жаңа Экологиялық кодекс, бекітілген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталары, сондай-ақ табиғатты қорғау шаралары аясында жүргізіліп жатыр.
![Игілік көшесіндегі учаске толығымен жабылды](/img/articles/061045d9e140a0a12175af5a3358f775.jpg)
![«Театралды Еуразия» халықаралық фестивалі аяқталды](/img/articles/6966fd86a9ad2b039f48b097f6bcf453.jpeg)
![Елордада «Заманауи домбыра» шоу-концерті ұйымдастырылды](/img/articles/e5ea16e8f3ebb293ffd46f0bbdcfd4d9.jpg)
![Қала күніне орай «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)