00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Зейнеткерден алтын ұрлаған екі адам ұсталды

31.03.2023 | 21:36
Елорда ақпарат
87

Жетісу облысында зейнеткерден алтын ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған екі адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

72 жастағы  зейнеткер белгісіз біреулер зергерлік бұйымдарын ұрлағаны туралы полицияға арызданды. Егде жастағы әйелге келтірілген залал сомасы 3,7 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көксу ауданының полицейлері көрші ауданның бұрын сотталған тұрғындары болып шыққан екі күдіктіні анықтап, ұстады. Ұрланған зергерлік бұйымдар іздестіріліп, заңды иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша тергеу Көксу аудандық полициясының өндірісінде жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Все новости