Қала әкімінің орынбасары Жаңа жыл қарсаңында «Нұрлы жүрек» орталығына тарту жасады
![](/img/articles/uploads/63aec5f8ed1ce488165183_610c1d359d.jpg)
Жаңа жыл қарсаңында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлады Elorda.info.
Ерекше балаларға арналған орталық тәрбиеленушілері және ұжым жұмысымен танысқан ол мекеме қажеттілігіне сай мерекелік тарту жасады.
1981 жылы «Ақыл-есі кем балаларға арналған балалар үйі» ретінде ашылған орталық қазіргі таңда 3 пен 18 жас аралығындағы балалар мен стационар және жартылай стационар бөлімшелері жағдайында одан үлкен жастағылардың тұруына арналған. Қазіргі таңда орталыққа ақыл-есінің кемдігі жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр деңгейдегі 278 тәрбиеленуші келеді. Олардың 113-і ДЦП, 35-і аутизмге шалдыққан, 32-сінде Даун синдромы бар. Балаларды ата-анасы таңертең әкеп тастап, кешке алып кетеді. Ал әке-шешесі бас тартқан ерекше балалар орталық ғимаратының бір корпусында 18 жасқа дейін өмір сүреді. Олардың саны – 120 бала. Балалардың бәріне тегін қызмет көрсетіледі.
Ғимараттың барлық кабинеттерін аралап көрген әкім орынбасары балалар мен оларды оңалтумен айналысатын қызметкерлерді Жаңа жылмен құттықтады. Кездесу соңында ол орталықтың акт залында балалардың қатысуымен шағын концертті тамашалап, әкімдік атынан компьютер мен теледидарлар тарту етті.
Біз жылдағыдай Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде «Нұрлы жүрек» орталығына келіп құттықтап отырмыз. Басқа уақытта да жиі келуге тырысамыз. Мұнда ерекше балалар тәрбиеленеді, олармен кәсіби мамандар жұмыс істейді. Осы сәтті пайдаланып, ерекше баласын тастамай, олардың соншалықты ыждаһаттылықпен күтімін жасайтын ата-аналар мен орталық қызметкерлеріне алғысымды айтқым келеді. Сіздердің еңбектеріңіз өте зор. Осы жұмыстарыңызға табандылық пен табыс тілеймін! Әкімдік тарапынан бұл орталыққа қашан да ерекше көңіл бөлінетін болады, –деді Н. Нұркенов.
Орталық директоры Нұрбол Зұлқарнаевтың айтуынша, мекеме мамандарының мақсаты – осындай балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау және оларды қоғамда әлеуметтендіру, сондай-ақ ақыл ойы мен дене бітімінде кемшілігі бар балалаларды оңалту, түзету және бейімдеу жұмыстарын жүргізу. Мекемеде 8 арнайы әлеуметтік қызмет түрі көрсетіледі, атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік – экономикалық қызметтер.
Біздің балаларымыз өте белсенді. Спортпен, шығармашылықпен шұғылданады. Көптеген республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Әкімдік тарапынан барлық жағынан үнемі қолдауға ие боламыз. Міне, бүгін де 3 компьютер мен 3 теледидар сыйлады, - дейді орталық директоры.
Мекеме үш ғимараттан тұрады. Орталықта сенсор бөлме, Монтессори бөлмесі, тігін, слесарь шеберханасы, лекотека, компьютерлік сыныптар, ойын лабиринттері кешені, ЛФК, физиотерапия және галотерапия, басқа да кабинеттер бар. Аумағында спорт тренажерлары мен антивандалды ойын кешендері, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары ашылған.
Райхан Рахметова
![](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Қала күніне орай “Астана многоликов” атты ән-би фестивалі өтті](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)