00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Биылғы жылдың ең ұзақ түні қашан болады

31.03.2023 | 21:16
Елорда ақпарат
139

Бүгін, 21 желтоқсанда, табиғатқа қысқы тоқырау күні келеді немесе нағыз астрономиялық қыс басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Астрономдардың мәліметінше, күндізгі жарық молая бастайтын сәт 21 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 21:58-де келеді.

Бүгін Күн өзінің эклиптикасының ең төменгі (оңтүстік) (Солтүстік жарты шар үшін) нүктесінде, ал күндізгі жарық уақытының ұзақтығы жылдың ең қысқасы болады.

Күн бұл биіктікте бірнеше күн бойы сақталады.

Мысалы, Астанада бүгін, 21 желтоқсанда күн сағат 9.15-те шықты, 17.08-де батады. Күннің ұзақтығы 7 сағат 53 минут болады.

Ертең, 22 желтоқсанда күннің ұзақтығы бұрынғы деңгейде сақталады, ал 23 желтоқсанда күндізгі сағат 1 минутқа артады.

Жылдың соңғы күні, 31 желтоқсанда күндізгі уақыт 7 сағат 58 минутқа созылады.

Адамдар қыстың күн тоқырауын әрдайым жақсы болашақ, жаңару, жарықпен байланыстырады, өйткені күннің қараңғы уақыты азаяды.

 

Все новости