Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымының нысандары жаңғыртылады
![](/img/articles/uploads/63984bee72d93545489897_2b5d0cac91.jpg)
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстанның Су кеңесінің отырысында Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлады Elorda.info.
Кешенді жоспарда Су кодексін жаңа редакцияда әзірлеу, су ресурстары мен су шаруашылығы мәселелері жөніндегі ғылыми орталық құру, суды пайдалануды реттеудің экономикалық тетіктерін іске асыру, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және басқа да іс-шаралар көзделген.
Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 8 жаңа су қоймасын салу және 16 апатты су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда, бұл қосымша су көлемін жинақтауға, 124 елді мекенде су тасқыны қаупін азайтуға және 170 мың гектардан астам жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, суару арналарын реконструкциялау, магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру, сондай-ақ су ресурстарын басқаруды цифрландыру көзделген, бұл судың ысырабы мен артық шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Алдағы үш жылда біз экономикаға және азаматтарымыз үшін барынша тиімді болатын өзекті мәселелерді шешуіміз керек. Алдымен, жоғары нәтиже беретін, сондай-ақ, бірінші кезекте реконструкциялануы тиіс су құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басым жобаларды іріктеп алуымыз керек, — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Премьер-министр Кешенді жоспар шеңберінде су шаруашылығы саласына кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ заманауи технологиялық шешімдер мен ғарыштық мониторингті қолдана отырып, судың жұмсалуын бақылау тетіктерін енгізу жөніндегі шараларды қарастыру қажет екенін айтты.
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)