00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды

31.03.2023 | 20:53
Елорда ақпарат
84

 «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз. Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды. Мәселен, бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған, - деді Зұлфұхар Жолдасов.

Все новости