00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Еліміздің құтқару авиациясы алғаш рет теңізде жаттығу өткізді

31.03.2023 | 20:45
Елорда ақпарат
88

ТЖМ құтқару авиациясының ұшу құрамына Каспий теңізінің акваториясында суда зардап шеккен адамдарды іздеу және құтқару бойынша жаттығу өтті, деп хабарлады Elorda.info.  

Мамандар шартты түрде зардап шеккен адамдарды әуе кемесіне көтеруге машықтанды. Ұшқыштар тікұшақты әуеге көтеріп, зардап шеккен адамдарды әуе кемесіне көтеру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстарды атқару кезінде оларға бірнеше ондаған метр биіктікте тікұшақты ұстап тұру қажет болды.

Жаттығуға Қазаваиақұтқару ұшу құрамы, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамы қатысты.

Ұшу құрамын дайындау жұмыстары барысында құтқару жұмыстарының күрделі және маңызды элементтері пысықталды, атап айтқанда:

- зардап шеккен адамды су бетінен құтқару және эвакуациялау, эвакуацияланған тікұшақтың тарту құрылғысын  қолдана отырып, бортқа көтеру;

- зардап шеккен адамды жағалаудағы жетуі қиын жерлерден құтқару және эвакуациялау;

-жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен ұшу экипажының жүйелі іс-қимылдары.

Жаттығу жақсы дайындықты көрсетті және адамдарды құтқару ісінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Все новости