00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда 100 мыңға жуық Ресей азаматы жүр – Тамара Дүйсенова

31.03.2023 | 20:39
Елорда ақпарат
53

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері 400 мың ресейлік Қазақстанға өткен, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Ішінара мобилизация жарияланып, ресейліктер көптеп келе бастады. Сізде қазір деректер бар ма?» - деп сұрады БАҚ өкілі министрден Үкімет отырысынан кейін.

Бұл сұраққа Ішкі істер министрлігі жауап береді. Біздің күн сайын алмасатын шұғыл деректер бойынша елге 400 мыңнан аса ресейлік келді. 323 мың ресейлік елден кетті. Әзірше, шамамен 100 мың ресейлік осында жүр. Енді еңбек мигранттарына тоқталсақ, бүгінде өткен жылдарды қосқанда 22 мың адам Қазақстанда жұмыс істеп жүр. Олар зейнетақы жарнасын аударады, - деді Тамара Дүйсенова.

Все новости