00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Саясат Нұрбек: Қазіргі таңда ғылыми қызметкерлердің 54% – әйелдер

31.03.2023 | 20:15
Елорда ақпарат
94

Ғылымдағы әйелдер саны артып келеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл елдегі гендерлік саясаттың сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Дәл осы мәселе елордада өтіп жатқан Халықаралық ғылыми-конференцияда да жан-жақты талқыланып жатыр.

Жиынға Чехия, Швейцария, Үндістан және АҚШ ғалымдары мен сарапшылары келді. Олар елдегі әйелдер теңдігі үшін атқарылып жатқан жұмысты жоғары бағалады. Әсіресе президенттік кандидаттардың арасында екі әйел адам болғаны жақсы көрсеткіш дейді олар.

Ресми көрсеткіштерде де серпіліс бар екені анық байқалады. Келелі кеңес екі күн бойы өтеді. Конференция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген сараптамалық талдау әзірленеді, ол Үкімет пен әкімдіктерге жеткізілетін болады.

Қазіргі таңда ғылыми қызметкерлердің 54% – әйелдер. Осы жылдан бастап гендерлік аспектіні қолға алып жатырмыз. Қазір әйелдердің ғылымға деген белсенділігі күшейіп келе жатыр, - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

 

Все новости