00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде цифрлық әскери билет пайда болады

31.03.2023 | 20:15
Елорда ақпарат
91

Қазақстанда цифрлық әскери билетті енгізу 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.  Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин айтты,  деп хабарлады Elorda.info Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ростислав Коняшкин атап өткендей, қазір «ҰАТ» АҚ Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, тіркеу куәлігі мен әскери билетті цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осы құжаттарды (әскери билет пен тіркеу куәлігін – ред.) цифрландыруға келсек, біз қазірдің өзінде бұл жұмыстарды атқарып жатырмыз. Менің ойымша (электрондық әскери билет – ред.) келесі жылдың басында, бірінші жартыжылдықта жүзеге асады деп ойлаймын, - деді Ростислав Коняшкин.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінде әскери есепке алу құжаттарын цифрлық жүйеге көшіру бойынша «кең ауқымды жоспарлар» бар.

Все новости