00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты пайда болады

31.03.2023 | 20:11
Елорда ақпарат
93

Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты пайда болады, деп хабарлады Elorda.info.

LS мәліметінше, жобаны Ұлытау облысында 480 млрд теңгеге іске асыру жоспарланып отыр.

Облыста 2022-2026 жылдары мұнай өңдеу (МӨЗ) зауытын салу жоспарда бар. Жобаны іске асыру 480 млрд теңгеге бағаланады. Әкімдіктің мәліметінше, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1 млн тонна мұнай өнімін құрайды. Зауытты іске қосу үшін жеке инвестициялар тартылатыны атап өтілді.

Бұл нысанның құрылысы өңірді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жоспарына енгізілген.

Жалпы, Ұлытау облысына осы кезеңде 1,4 трлн теңге инвестиция салу керек. Оның ішінде 1,2 трлн – жеке инвестициялар түрінде, 124,8 млрд теңге – республикалық бюджеттен, ал 45,8 млрд теңге – жергілікті бюджеттен бөлінетін болады. Аталған МӨЗ-ден басқа, құрамында алтын бар кендерді үймелі шаймалау технологиясы бойынша Ашықтас кенішінде қайта өңдеу кешені пайда болады. Инвестициялар – 11,2 млрд теңге. Мұнда 230 жұмыс орны құрылуы мүмкін.

Сондай-ақ, өңірде минералдық-шикізат базасын кеңейту шеңберінде геологиялық кластер салынып, тоғыз кен орнында барлау жұмыстары жүргізіледі. Инвестиция 20 млрд теңгені құрайды. Мысалы, олар кварц 81 кен орнында жылына 17,4 мың текше метрге дейін кварц өндіруді ұлғайтқысы келеді. Геологиялық барлау жұмыстары Алашпай, Шойымбай және Шұбароба, Көкқұс және т.б. кен орындарында жоспарланған.

Все новости