Қазақстан-Қытай шекарасындағы жүк тасымалының көлемі 12%-ға артты
![](/img/articles/uploads/636c70b83e3fe860479815_d857ea5cec.jpg)
Биылғы 10 айда Қазақстан-Қытай шекарасында жүк тасымалының көлемі 12%-ға артты, деп хабарлады Elorda.info «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты қиындықтарға қарамастан, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 100 пайызға орындалып, 212 млн.тонна жүкті құрады. Республика бойынша 141 млн тонна жүк жеткізілсе, бұл өткен жылдан 3,4 млн тоннаға артық, экспортқа – 70,7 млн тонна жіберілді.
Өнімнің экспорты мен импорты үшін басым бағыттардың бірі ҚХР болып қала береді. 10 ай ішінде Қытайдың Қазақстанмен шекарасында жүк тасымалдау көлемі 12%-ке өсті. Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелдері арқылы 19,4 млн тонна жүк тасымалданды. ҚХР-дан транзит 16%-ке, қазақстандық тауарлардың экспорты 12%-ке өсті.
Контейнерлік тасымалдар жеделдетілген қарқынмен өсіп жатыр. Соңғы алты жылда (2016 жылдан 2021 жылға дейін) Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзит 4,3 есеге - 245 мың ЖФЭ-ден 1 млн 66 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайды. 10 айда контейнерлерде астық тасымалдау 6 есе өсті. Тас көмір, мұнай коксы, шойын және құрама жем контейнерлерде тасымалдау жүзеге асырылды, бұрын бұл жүктер мұндай ыдыста тасымалданбаған еді.
Тиеу өсімінің негізгі драйвері 88,7 млн. тоннадан астам тиелген, өткен жылға қарай 2,8 млн. тоннаға өскен тас көмір болып табылады. Оның ішінде республика ішінде 61,3 млн. тонна тасымалданса, бұл өткен жылғы деңгейден 1,1 млн.-ға жоғары. Қатты отынның экспорттық жөнелтілімдері 1,7 млн тоннаға, яғни 27,5 млн тоннаға дейін өсті. Астық 7,7 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдан 408 мың тоннаға жоғары, оның ішінде экспортқа – 6 млн тонна (+554 мың тонна).
Мұнай жүктерін тиеу 975 мың тоннаға (15,4 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштар 94 мың тоннаға (3,3 млн. тоннаға дейін), түсті кен 246 мың тоннаға (18,7 млн. тоннаға дейін) және құрылыс жүктерін тиеу 247 мың тоннаға (13,6 млн. тоннаға дейін) өсті.
Жыл басынан бері пайдалану жүк айналымы шамамен 210 млрд. тонна-км құрады, өткен жыл деңгейінен 6%-ке асып түсті. Бұл ретте, 2021 жылы жүк айналымы 239 млрд тонна –км-ге жетті және ҚР тәуелсіздігінің барлық жылдарында тарихи ең жоғары деңгейге айналды.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)