00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында Ташкентте конференция өтті

31.03.2023 | 19:55
Елорда ақпарат
90

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында Ташкентте халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік университетінің ұжымы ғалымның еңбектерін талдап, бауырлас халықтар арасындағы рухани сабақтастықты көрсетті. Ахмет Байтұрсынұлы түркі тілдес ұлттарды біріктірген әрі тіл білімінің дамуына елеулі еңбек еткен тұлға. Фонетика заңдылығын орнатып, дыбысталу ережесін жазған. Соның арқасында түркі дүниесі рухани бай мұрасын сақтап келеді.

Ахмет Байтұрсынұлының қиын заманда қазақ тілінің логистик, финалистік жақтарын ойлап, күресіп сол уақытта қазақ әліппесінде жетпеген әріптерді таба біліп, қазақ тілін жаратқан құрметті адамның бірі деп ойлаймын. Қоңсы республикаларда, мәселен Өзбекстанда кирилл әліппесінде қазақ мектептерінде оқу алып барды, - деді республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов.

Мерейтойға орай халықаралық түркі академиясы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін зерттеп, кең насихаттап келе жатқан бірқатар ғалымды арнайы төсбелгімен марапаттады. Сондай-ақ, Ташкент мемлекеттік университетінде Елтеріс Құтлық қаған кешені мен бітіктасына арналған көрме ұйымдастырылды.



Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы бүкіл түркі дүниесіне маңызды. Ол кісі ортақ терминология және әліппе туралы жұмыстар істеді. 1926 жылы бірінші түркология кеңесіне қатысты, - деді халықаралық Түркі академиясы перзидентінің міндетін атқарушы Фузули Мәжидли.

 

Все новости