00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

54 млн теңгенің жанармайын елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

31.03.2023 | 19:49
Елорда ақпарат
102

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы жанармайы бар жалпы құны 54 млн теңге болатын 165 тонна 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен елден заңсыз әкету фактісін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомство мәліметінше, 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде сол компания өкілдері ұсталды.

Жалпы, аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды, бұрын сатылған бензиннің құны 54 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді, - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Все новости