00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елде «Азия дауысы» мен «Жас қанат» ән байқаулары жанданады

31.03.2023 | 19:49
Елорда ақпарат
100

Елімізде «Азия дауысы» және «Жас қанат» ән байқауларын өткізу үшін «Азия» халықаралық фестивалі» қоғамдық  қоры Мәдениет және спорт министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы қоғамдық қордың вице-президенті Темірлан Төлегенов айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Спикер биыл «Азия дауысы халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры құрылғанын айтты.

Өкінішке қарай, пандемия кезінде «Азия дауысының» негізін қалаушылар Мұрат Ерғалиев пен Александр Понамарев қайтыс болды. Бірақ үшінші құрылтайшы Ирина Ковыряко біздің көмегімізбен барлық құқықты қалпына келтірді. Яғни биыл «Азия дауысы», «Жас қанат» сауда атауы мен «Азия дауысы» логотипіне қатысты барлық құқық қалпына келтірілді. Сондай-ақ биыл «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қорын құрдық. Алматыда «Азия дауысы» мен «Жас қанат» ән байқауларын жандандыру үшін қазір Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігімен келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Келесі жылы атақты ән байқаулары Алматыда қайта жанданатын болады деп ойлаймыз,- деді Темірлан Төлегенов.

 

Все новости