00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын Ташкент қазақтары атап өтті

31.03.2023 | 19:40
Елорда ақпарат
101

Ташкент қазақтары Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, Ташкенттегі қазақ мәдени орталықтары білім ошақтарында әдеби кеш ұйымдастыруды бастады. Белгілі ғалым, ұстаздар өскелең ұрпаққа ұлы ағартушының өмір жолын, атқарған еңбегін насихаттады. Қазір Ахмет Байтұрсынұлы салған ізбен Өзбекстанда 350-ден астам қазақ мектебі жұмыс істейді. Білім беру бағдарламасында төл әліппе бар. Оқушылар мектеп бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына емтиханды қазақ тілінде тапсырады. Тарихи Отанындағы университетті таңдап, мемлекеттік грантқа иек арта алады.     

Қараша айында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы Низами атындағы педагогикалық университте халықаралық деңгейде өткізіледі. Оған да профессор оқытушылармен қатысу ниетіміз бар. Бұл кісінің әлі зерттелмеген жұмыстары қаншама, - деді Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Өсербай Байқабылов.

Все новости