00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жеті метрлік питон әйелді жұтып қойды

31.03.2023 | 19:36
Елорда ақпарат
80

Индонезияның Джамби провинциясында ұзындығы 7 метр болатын алып питон 54 жастағы жергілікті тұрғынды жұтып қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz-тің жазуынша, жылан шабуылдаған кезде әйел плантацияда көксағыз (каучук) жинап жүрген.

Әйел жұмыстан кейін үйіне оралмаған соң отбасы полицияға хабарласқан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі күннен кейін сол маңайдан әйелдің аяқкиімі, күртешесі мен пышақ табылған. Кейін іздестіру тобы қарны томпиған алып питонды тапты.

Полицейлер алып жыланды өлтіріп, ішін кескен кезде марқұмның денесі сол жерден табылған.

Все новости