Малайзиялық әуекомпания Қазақстанға ұшатын рейстер ашуды жоспарлап отыр
![](/img/articles/uploads/635a6dd5dc8c0051001976_4d05439c42.jpg)
Малайзиялық әуекомпания Қазақстанға әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info.
ИИДМ мәліметінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Asia Aviation Group компаниясы тобының коммерциялық директоры Карен Чан ханыммен кездесті.
Аталған кездесуге Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Air Asia Aviation Group компаниясы тобының кірістер мен бағыттар жөніндегі директоры Пол Кэррол мырза, Air Asia X авиакомпаниясының атқарушы директоры Беньямин Исмаил мырза қатысты.
Кездесу барысында екі тарап Қазақстан мен Малайзия арасындағы тұрақты жолаушылар тасымалы және жүк әуе қатынасы мәселелерін талқылады. Air Asia Aviation Group өкілдері авиакомпанияның бірінші кезеңде Куала-Лумпур (Air Asia X) мен Бангкоктан (Thai Air Asia X) Алматыға әрбір бағыт бойынша аптасына 4 рейс жиілікпен және аптасына 3 рейс жиілікпен Астанаға ұшатын рейстерді іске қосуды жоспарлап отырғандарын айтып жеткізді.
Сондай-ақ Air Asia әуекомпаниясы Қазақстан аумағында «виртуалды хаб» құруды, сонымен бірге Стамбул (Түркия), Париж (Франция), Франкфурт (Германия), Лондон (Ұлыбритания) қалаларына «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесімен ұшуды жоспарлап отыр. Екі ел арасындағы рейстердің ашылуы сауда-экономикалық қатынастарды, туризм мен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Айта кетерлігі, Air Asia Азиядағы ең ірі бюджеттік авиакомпания болып табылады. Өз жұмысын 1996 жылы бастаған авиакомпания бүгінге дейін 600 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған. Сонымен қатар компанияның әуе кемелері әлемнің 25 елінде 400-ден астам бағыт бойынша ұшады. Әуе кемелері паркінде 250-ден астам ұшақ бар.
![](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)