Сымсыз құлаққап қатерлі ісік ауруын тудыра ма
![](/img/articles/uploads/6353acb7c0edb435181495_1a667c1255.webp)
Stopfake.kz бұл қауіпті ескерген екі жүзден астам ғалым оларды қолдануға қарсы петицияға қол қойды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Басылымның жазуынша, сымсыз құлаққаптар құлаққа еніп, миды «сәулелендіретіндіктен» онкологиялық аурулар тудыратыны туралы қауесет желіде 2019 жылы-ақ тараған. Бірақ, ол кезде петицияға қазіргідей 250 емес, 200 ғалым қол қойды деп айтқан.
Шындығында, ғалымдар сымсыз гаджеттерге тыйым салу туралы петицияға мүлдем қол қоймаған. Таратылған хабарламада ғалымдар тобының адамдарға арналған ұялы телефондар мен сымсыз құрылғылардан келетін иондаушы емес сәулеленудің қауіпсіздігін мұқият зерттеу туралы өтініштері жайлы айтылды. Мәтінде оларды пайдалануға тыйым салу туралы сөз жоқ,- деп жазады Stopfake.kz.
Басылымның хабарлауынша, 2019 жылы жүргізілген зерттеу сымсыз құлаққаптардың сәулеленуі ұялы телефонға қарағанда 10-400 есе әлсіз екенін дәлелдеген. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сайтында 1999 жылы ұялы телефондардың жаппай тарала бастағаннан қазіргі уақытқа дейін ми ісігі ауруларының саны өспегені туралы ақпарат бар. Керісінше, бұл көрсеткіш, жыл сайын шамамен 0.2% төмендейді.
Қорыта айтқанда, ұялы телефондарды пайдалану қатерлі ісік ауруларына шалдығу қаупін арттырмайды. Яғни, сәулеленуі әлдеқайда әлсіз құлаққаптар да бұл қауіпті арттыра алмайды.
Бұл мәселені зерттеген ғалымдар қатерлі ісік пен сымсыз гаджеттерді пайдаланудың арасындағы байланыстың нақты дәлелдерін таппады, деп жазады Stopfake.kz.
![](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)