00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мектеп оқушысы ұстазына WhatsApp арқылы балағат сөздер жазған

31.03.2023 | 18:00
Айман Нығмет
112

Оқиға Павлодар қаласында болған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бірнеше күн бұрын Павлодар мектебінің мұғалімі полицияға жүгініп, оқушыға шағымданған. Кәмелетке толмағанға қатысты мұндай әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал Павлодар облысының Кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық үшін ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық мөлшерде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Все новости