00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

6 күн ішінде Ресейден Қазақстанға 100 мыңға жуық азамат келді

31.03.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
59

 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 98 мың ресейлік кірген, деп хабарлады Elorda.info.

21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 98 мың Ресей азаматы кірген, Қазақстаннан 64 234 ресейлік азамат елден шыққан. 21 қыркүйектен бастап Қазақстанның резиденті емес 8 мыңнан астам резидент ЖСН алды, - деді ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.

Azattyq Ruhy жазуынша, 2022 жылдың 1 сәуірінен бергі мәліметтерді сұраған журналистің сауалына спикер былай деп жауап берді:

2022 жылдың 1сәуірінен бастап 93 045 Ресей азаматы Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Бірінші сәуірден бастап 4 271 адам мекендеу қағазын алды. Оның ішінде, 116 адам этникалық қазақ. Азаматтық алуға 441 адам өтініш берген, соның ішінде 117  адам этникалық қазақ, - деді ол.

Все новости