Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды
![](/img/articles/uploads/63300cb940798242677248_7880c6b14a.jpeg)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Антикорға сілтеме жасап.
«Тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы – Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль, 1983 жылы туған, бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры анықталды.
Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болды. Ол үшін оған Қ. Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күн ішінде Қ. Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд теңге және 62 млн АҚШ доллары алынған. Биыл ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр. Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - делінген ресми хабарламада.
![Елордада «Заманауи домбыра» шоу-концерті ұйымдастырылды](/img/articles/e5ea16e8f3ebb293ffd46f0bbdcfd4d9.jpg)
![Қала күніне орай «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)