00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Digital Nomads біздің министрліктің бастамасы бойынша құрылған – Бағдат Мусин

31.03.2023 | 17:15
Елорда ақпарат
80

Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Мұхит асып, АҚШ-қа іс сапармен келдік. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жастарының басын қосқан Digital Nomads қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Қауымдастық - әлемнің түкпір-түкпірінде алпауыт технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүрген қазақстандық IT-мамандардың басын біріктіріп отыр, - деді министр.

Бұл кездесуге әлем бойынша 30-дан астам IT-маман келіп, IT-саласының өзекті мәселелері талқыланды,

Олардың қазақстандық мамандардың жаңа буынын дайындауға көмектесуі, спорттық бағдарламалау және венчурлық инвестициялар бойынша жобаларды іске асырып жатқаны туралы айтылды. Бұдан бөлек, Digital Nomads өкілдері шетелдік IT-материалдарды қазақ тіліне аударуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Осылайша олар елімізден жырақта болса да, мыңдаған шақырым жерде тұрып, Қазақстанның тұрақты дамуына үлестерін қосуда, - деді Б.Мусин.

Все новости