00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елде көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді – ИИДМ

31.03.2023 | 17:14
Елорда ақпарат
93

Көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514 бұйрығы шықты. Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр, - деп жазылған хабарламада.

Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген.

Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау, - деп жазылған хабарламада.

Все новости