00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Оңай тиген жоқ»: Министрдің шетелде оқитын балалары елге оралды ма

31.03.2023 | 17:02
Елорда ақпарат
82

Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балалары туралы сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлады Elorda.info.

Еске сала кетейік, Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балалары еліміздегі қарапайым мектепке оралатынын мәлімдеген болатын. Ол, тіпті, журналистерге фотомен есеп беруге уәде еткен еді.

Журналистер министрден балаларының елге оралып-оралмағанын сұрады. Алайда Саясат Нұрбек жауап беруден бас тартты.

«Бұл – менің жеке өміріме қатысты сұрақ және өкінішке қарай, балаларыма да оңай тиген жоқ», - деді Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген ол.

Осыдан кейін журналистер одан: «Қазақстанның білім сапасына сенесіз бе?» деп сұрады. Саясат Нұрбек «Иә» деп жауап берді. Бірақ «Ендеше, неге балаларыңыз шетелде оқиды?» деген сұраққа министр жауап бермеді.

Все новости