00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағы жарық көреді

31.03.2023 | 16:46
Елорда ақпарат
157

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 12 томдық шығармалар жинағы жарық көреді, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде біз ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің атасы, төл әліпбиіміздің негізін қалаушы Ахмет Байтұсынұлының 150 жылдығын атап өтудеміз. Өкінішке қарай, киелі Торғайдағы бүгінгі торқалы той тілсіз жаудың кесірінен тоқтатылып отыр. Кешелі бері Қостанай халқына қол ұшын созып жатқан жандардың саны артып келеді. Бұл – бірлігіміз бен ынтымағымыздың белгісі. Халқымыз қандай қиындықты да осындай бірлікпен еңсерген. Ең бастысы, ел аман болып, ұлы тойдың қайта жаңғыруына тілектеспін, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ мерейтой аясында ұлы ағартушының өмірі мен қызметі туралы толықметражды көркем фильм түсірілімі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ахмет Байтұрсынұлының есімі республикамыздағы 1 ауылға, 200-ден астам көшеге және 39 мектепке, 1 әуежайға, 1 музейге берілген.

Все новости