00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық конференция өтті

31.03.2023 | 16:45
Елорда ақпарат
86

Конференцияға Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Венгрия, Польша, Түрікменстан, Өзбекстан, Татарстан, Қырғызстанның, т.б. елдердің ғалымдары қатысып, баяндама жасады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:

Ұлт ұстазы, ұлттық ғылымның негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлына арналған бүгінгі ғылыми конференция ұлы тұлғаның сан салалы шығармашылық мұрасын зерделей келе, тарихи дәуірдің де ғылыми танымын, қоғамдық-мәдени сипатын танытады деп ойлаймын. Біз Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі оқымысты ғалымның мұралары жөнінде  ғылыми  тұжырымдар  жасау арқылы оның еңбектерінің өзектілігін, яғни бүгінімізбен сабақтастығын да тани түсеміз, - деп атап өтті.

Іс-шара аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш зиялылары туралы жаңа мұрағат деректері» атты таныстырылымы және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Е.Сыдықовтың «Ахмет Байтурсынов – учитель нации» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Оқи отырыңыз: Елордада «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті (ФОТО)

Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдегі ұлт ұстазы музейіне бару, «Мектеп және Ахмет Байтұрсынұлы» көрмесін тамашалау, мектеп мұғалімдері іс-тәжірибесімен танысумен жалғасты.

Все новости