00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде жөнделіп жатқан жолдар министрдің жіті бақылауында

25.02.2023 | 14:58
Елорда ақпарат
88

«Қызылорда – Жезқазған» автожолына қатысты жазбаны көзім шалып қалды. Өздеріңіз білетіндей, қай жолдың мәселесі болсын, маған таңсық емес. Ұзындығы 412 шақырымды құрайтын автожол учаскесі өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Жоба 10 учаскеден тұрады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының аумағында — 6, Қарағанды облысында 4 учаске. Жобалардың жалпы құны 108 млрд теңге, оның шеңберінде 2 көлік айрығы, 3 көпір, 45 темірбетон құбыр мен 6 демалыс алаңын салу көзделіп отыр, - деп жазды министр.

Қайырбек Өскенбаев жолдың жағдайынан хабардар әрі мәселе жеке бақылауында екенін айтты.

Әдетте жұмыс сапарлары барысында өңірлердегі жол құрылысын тексеріп, нәтижелерін әлеуметтік желідегі парақшаларымда жариялап отыратынымды білесіздер. Өйткені бұрын-соңды жазғанымдай, жол жөндеу жұмыстарын өңірлерге барып, өз көзіңмен көру әлдеқайда тиімді. Шынын айтқанда, жұмыс орнында отырып, мәселені сырттай бақылап тапсырма беру бір басқа, «100 рет естігенше, бір рет көр» демекші, жұмыстар жүргізіліп жатқан жерге келіп, өз көзіңмен көру бөлек, - деді Қ.Өскенбаев.

Сондай-ақ министр демалыс күндері де құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарға ескертусіз баратынын жеткізді.

Все новости