00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

22 жыл іздеуде болған азамат Ресейде ұсталды

25.02.2023 | 14:45
Елорда ақпарат
56

Ақмола облысының тұрғыны Ресейдің Сургут қаласында ұсталған.

2000 жылы, сол кезде 35 жаста болған Щучье қаласының тұрғыны Ресей азаматымен бірге аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау туралы алдын-ала сөз байласады. Сол жылдың 29 наурызында ресейлік әйел Екатеринбургтен Щучье қаласына келіп, ақмолалықтан 6 кг жуық кептірілген марихуана есірткі затын сатып алады. Алайда, келесі күні Көкшетау станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері әйелді пойызбен кетпекші болған кезінде ұстайды.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің сол кездегі 259-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу барысында әйел есірткі затын сатушы туралы да айтты. Алайда, әйелдің сыбайласының тұрғылықты жеріне полиция қызметкерлері ол ізін суытып үлгереді. Ер адамға қатысты іздеу шаралары қолға алынады. Нәтижесінде 22 жыл өткен соң ер адам биылғы жылдың 11 тамызында Ресейдің Сургут қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталды. Қазір оның жасы 57-де, - деді ведомстводан.

Все новости