00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Топастар»: Тұсаукесерінде темекі таңдаған бала елді шошытты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 14:41
Елорда ақпарат
107

Видеода көрсетілгендей, жерге арнайы ақ төсеніш жайылып,  4-5 жігіт балақайдың тұсауын кеседі.Екі жігіт сәбидің тұсауын қағазбен кеседі. Бұл әрекеттеріне өздері риза. Баланың алдына тапанша, темекі, көліктің кілтін қойған. Кішкентай балақай темекіні таңдады. Бұған жігіттер мәз болып күледі.

Олардың бұл қылығы желі қолданушыларының шамына тиді. Оқырмандар ырымды мазақ еткен жігіттердің ессіз әрекетін сынайды.

«Топастар», Салт-дәстүрді ойыншық қылғандары үшін арсыздарға айыппұл салсын», «Масқара», «Оңбағандар, нәрестені ойламай тұр», «Ала жіптің қадірі кеткені ме?», «Баланың болашағына зиян келтірмеңдер», «Тапқан екен ойнайтын нәрсені», «Мыналарға қарап жылағым келеді», «Миы жоқ малғұндар», «Есалаңдар», - деп жазды желі қолданушылары.  

Все новости