Қазақстан мен Беларустің «Орбұлақ -2022» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды
![](/img/articles/uploads/6301e5cfdc54d810489208_d580f96cc2.jpg)
Бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы барысында екі елдің арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңына көтерілді.
Екі апта бойы екі елдің әскери қызметшілері «Көктал» оқу полигонында және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығында шартты заңсыз қарулы құралымдарды іздеу және жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында тәжірибелі қазақстандық нұсқаушылардың басшылығымен Беларустің арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жеке құрамы тау кедергілерін еңсеру техникасын, тактикалық тәсілдерді орындауды және таулы жерлердің күрделі жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуді игерді, – деп атап өтті оқу-жаттығу басшысы полковник Айдар Слямғалиев.
Жетісу облысындағы «Көктал» оқу полигонында арнайы операцияны бірлесіп жоспарлау және барлау әрекеттерін жүргізу әдістемесін әзірлеу мәселелері пысықталды. Әскери қызметшілермен артиллерия мен әскери авиацияның ұшуын, атысын ұйымдастыруға арналған практикалық сабақтар өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткізілген халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар тау даярлығын жетілдіруге және арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының жауынгерлік дағдысын арттыруға бағытталған болатын.
Оқу-жаттығу еліміздің ең биік шыңдарының бестігіне кіретін Нұрсұлтан шыңына шығумен аяқталды. Екі елдің ерекше көзге түскен әскери қызметшілеріне «Қазақстан альпинисі» төсбелгісі табысталды.
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)