00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ІІМ: Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған 860 қару табылды

25.02.2023 | 12:38
Елорда ақпарат
46

Алматы, Талдықорған және Тараз қалаларындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында қызметтік және азаматтық қару ұрланғаны белгілі, бұл өз кезегінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп төндірді. Осыған орай, Ішкі істер министрлігі ұрланған қаруды табу және тәркілеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда, - деді М.Қожаев.

Мұхтар Қожаевтың айтуынша, бүгінгі  таңда қабылданған шаралармен 860 қару тәркіленді. Оның ішінде 475 табельдік және 379 азаматтық қару.

Мысалдарға келетін болсақ, 13 шілде күні Тараз қаласында криминалдық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бүркемеленген жерге көмілген қойманы тапты, ол жерден бұрын Полиция департаментінен ұрланған Калашников автоматы, екі оқ сауыт және 30-дан астам оқ-дәрі алынды. 19 шілдеде осы қалада полиция қызметкерлері гараждар орналасқан жерден бұрын Полиция департаментінен ұрланған Макаров тапаншасын тапты, - деді ол.

Все новости