00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық авиакомпаниялардағы билет құны қолжетімді ме?

25.02.2023 | 11:41
Елорда ақпарат
73

Қазақстандық «Fly Arystan» лоукост-әуекомпаниясы бірнеше бағыт бойынша шетелдік әуе компанияларымен салыстырғанда тиімді баға ұсынатындығы айқындалды. Мәселен, «Fly Arystan» компаниясының 3 594 шақырым қашықтықты құрайтын Түркістан-Стамбұл бағытындағы 2022 жылдың 6 қыркүйегіндегі билет құны 86 482 теңге болса, аталған қашықтықтағы «Turkish Airlines» компаниясының Нұр-Сұлтан – Анталия бағытындағы биылғы 1 қыркүйектегі билет бағасы 286 823 теңге көлемінде, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ барлық әуе тасымалдаушы компаниялар динамикалық баға саясаты жүйесін қолданады.

Мәселен, ертерек брондалған билет құны ұшу алдында алынған билет бағасынан бірнеше есе төмен. Сәйкесінше, талдау барысында түрлі авиакомпаниялардың белгілі бір датадағы тарифын салыстыру маңызды рөл атқарады. Бұл – нақты әрі айқын талдау жүргізуге мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.

Все новости