Елімізде заңсыз шығарылған активтер қалай қайтарылады
![](/img/articles/uploads/62d4dc51383b3144507800_71d32275e5.jpeg)
Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Мемлекет басшысының тауар нарығын монополиясыздандыру және капиталды қайтару туралы тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі бірінші кезектегі шараларды мемлекеттік органдардың орындауының мәселелері талқыланды.
Іс-шараны ашқан Комиссия төрағасының орынбасары – Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов комиссияның барлық іс-әрекеттері құқықтық нормаларға толық сәйкес келуі тиіс, құқық қорғау және мемлекеттік органдар адал бизнеске қатысты асыра сілтеулер мен теріс пайдаланушылықтарға жол бермеуге міндетті екенін атап көрсетті.
Экономикалық ресурстарды шектеулі адамдардың қолында заңсыз шоғырландыруға ықпал еткен жағдайларды анықтау басымдық ретінде белгіленді.
Ол үшін талдау жұмыстарына назар аударған жөн, ал жоспардан тыс тексерулерді тек заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда ғана жүргізу керек.
Жиын қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелері Комиссия алдында тұрған міндеттерді сапалы орындауға бағытталған қызметті жандандыру жөнінде пікір алмасты.
Атап айтқанда, Комиссия:
1) жоғары маржиналды мемлекеттік активтерді жекешелендіру және сатып алу;
2) үстеме табыс әкелуге мүмкіндік беретін экономика секторларында, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында бәсекелестікті жою немесе шектеу;
3) мемлекет мүдделеріне залал келтіре отырып, жеңілдікті салық салу, тарифтік саясат және т.б. түріндегі артықшылықтарды енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану, ауыр өнеркәсіп, қаржы секторы, құрылыс және экономиканың басқа да салаларындағы жекелеген компаниялардың табыстылығын ұлғайту үшін жекелеген адамдарға негізсіз қолайлы жағдай жасайтын алғышарттарды анықтау мақсатында талдау жүргізеді.
Сондай-ақ Комиссия жұмысының барысы туралы халықты жедел хабардар ету үшін арнайы веб-сайт құру туралы шешім қабылданды.
Осы жұмысқа қоғамды тарту үшін сайтта арнайы бөлім құрылады, ол арқылы әрбір адам хабарлама жібере алады немесе Комиссия қызметінің мәселелері бойынша ұсыныс енгізе алады.
Отырыс қорытындысы бойынша экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл және активтерді қайтару жөніндегі іс-шараларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді.
![](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)