00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтан қаласында тәркіленген мамонт мүйіздері Ұлттық музейге тапсырылды

25.02.2023 | 10:44
Елорда ақпарат
98

Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 23 мамырдағы үкімімен А. Г. Портнягин 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Осы үкіммен мамонттардың мүйізінің 83 фрагменті «Чондон» көшпелі рулық қоғамдастығының ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне қайтарылды.

Апелляция дәлелдерді тексеріп, іс материалдарын зерттеп, үкімнің контрабанда заттарын ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне беру туралы бөлігінің күшін жойды, өйткені ҚПК-нің 118-бабының 3-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес заңсыз кәсіпкерлік және контрабанда заттары сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне айналдырылуы тиіс.

Осыған байланысты, жалпы салмағы 5 754,6 кг болатын 176 объект мамонт мүйізі мен жүнді мүйізтұмсық мүйізі сот алқасының қаулысымен ҚР Ұлттық мұражайына беріле отырып, мемлекет кірісіне айналдырылды. Бірінші сатылы сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды, - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Все новости