00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Baqytty Otbasy» жобасының қатысушылары жаңа мамандықты игерді

25.02.2023 | 10:33
Елорда ақпарат
74

 «Baqytty Otbasy» орталығы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «ЮНИСЕФ QAZAQSTAN» қорының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Аталмыш жоба қиын өмірлік жағдайдағы балалары бар отбасыларға ақпараттық, кеңес беру, психологиялық, кәсіптік бағдар беруге бағытталған. Олардың қатарында көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектер, жұмыссыз әйелдер, тұрмыстық немесе психологиялық жарақаттан кейін оңалтудан өткен жалғызбасты әйелдер бар.

«Baqytty Otbasy» жобасының жетекшісі Ырза Тұрсынзада орталық тек әйелдерге арналғанын айтты.

Олар өзекті мәселелерді талқылап, бір-біріне көмектеседі. Мұнда әрдайым табысты адамдар болуы қажет. Олар өз істерімен өзгелерді шабыттандырады. Мәселен, мен 10 жылдан бері қазақтың дәстүрін насихаттап, халқымыздың көлөнерімен айналысып келемін. Сондай-ақ адамдарды қазіргі кезде оны  трендке қалай айналдыруға және ақша табуға үйретемін. Осы уақытқа дейін мен өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмектестім, – деді «Baqytty Otbasy» жобасының жетекшісі Ырза Тұрсынзада.

Мысал ретінде Ырза Тұрсынзада екі қолды, ірі тігін орталығының жетекшісі болған әйел туралы айтты. Ол аяғымен тігуді үйренді. Сол арқылы ол  қазіргі кезде көпке қиындыққа қарамастан өмір сүре білудің дәлелі болып жүргенін жеткізді.

Сондай-ақ біздің орталыққа қолы жоқ әйел де біздің орталық туралы естіген бойда хабарласты. Ол жұмысқа орналаса алмаған. Ал күйеуі үш баласымен тастап кеткен. Ал мұнда ол мамандық алып, жұмысын істеп жатыр. Ал ай сайын тұрақты түрде жалақысын алып тұрады. Алдағы уақытта өз орталығын ашуды жоспарлап отыр, - деді Ырза Тұрсынзада.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының   жетекшісі  Илья Скуб  жобаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жайында айтты.

Бұл жоба халықтың әлеуметтік осал бөлігін оқыту және жұмысқа орналастыруға бағытталған. Оларға психологиялық қолдау көрсету, сонымен қатар жаңа дағдыларды игеруге көмектесу. "UNICEF QAZAQSTAN" қорының қолдауымен қала әкімдігі орталыққа орын-жайды жалға берді, жөндеу жұмыстарын жүргізді және тиісті жабдықты ұсынды. Жұмыспен қамту басқармасынан біз адамдарды оқыту үшін ұсынамыз, қысқа мерзімді курстар өткіземіз, сондай-ақ мемлекет төлейтін қоғамдық жұмыстарды ұсынамыз, - деді Илья Скуб

 

Кездесу барысында білім беру бағдарламаларына қатысушыларына  (көп балалы аналар, мүгедек аналар, ерекше қажеттіліктері бар және дамуында ауытқуы бар балалары бар аналар) курстардың аяқталу нәтижесі бойынша сертификаттар табысталады.

Все новости