00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Тұмар-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

25.02.2023 | 09:52
Елорда ақпарат
88

Сыйлыққа қатысу үшін 10 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-параққа 40 жұмыс енді. Лауреаттар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы ұсынылған материалдарды кәсіби бағалау нәтижелері бойынша анықталды.

Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және  1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.

Іс-шараға «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі АҚ демеушілік жасады.

«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:

Үздік тележурналист

Владислав Цой – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік тележүргізуші

Аскар Мендыбаев – «31 канал»

Үздік режиссерлік жұмыс

«Жена» – «Qazaq TV» телеарнасы

Үздік деректі фильм

«Каспийден кеткен қыпшақтар» – «ATYRAY» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

«Дау-дамайсыз» – «КТК» телеарнасы

Үздік ток-шоу

«Время говорить» – «Atameken Business» телеарнасы

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

«Almaty Bala Fest» – «Алматы» телеарнасы

Үздік телевизиялық сериал

«Ахмет. Ұлт ұстазы» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Үздік ақпараттық бағдарлама

«Saraptimes» – «Astana TV» телеарнасы

Үздік аймақтық телеарна

«Turkistan» – Түркістан қ.

Арнайы жүлде «Balapan» телеарнасына Қазақстандағы Балалар жылы аясында балалар контентінің дамуын ынталандыру үшін табысталды.

Все новости