00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қырғызстанға 34 тонна жанармайды заңсыз әкетпек болған

25.02.2023 | 09:03
Елорда ақпарат
96

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, заңсыз әкетпек болған жанармайдың жалпы құны – шамамен 6 млн теңге.

«Айша-бибі» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан-Қырғызстан шекарасын кесіп өткен кезде АЙ-92 маркалы бензинді еріткіш түрінде тасымалданған жүк автокөлік құралы ұсталды. Тасымалданатын жүкті жасыру мақсатында жөнелтуші 2.1 млн теңге сомасына еріткішті тасымалдауға арналған тауарға ілеспе құжаттарды рәсімдеді. Әкету фактісінің жолын кесу бойынша іс-шараларды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүргізді, - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Все новости