00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша оқыту семинары өтті

25.02.2023 | 08:02
Елорда ақпарат
85

Семинарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Кәсіби даму институты бірлесіп ұйымдастырды. Ол «Адамдар ең алдымен мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» арнайы бағдарламасы бойынша елордамыздың қызмет көрсетуші ұйымдарына өткізілді.

Оқыту мемлекеттік қызметтердің сапасын, қызмет көрсету сапасын басқаруға қажетті дағдыларды дамытуға, мемлекеттік қызметтер сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін талқылауға, клиенттердің қанағаттану деңгейін анықтауға бағытталған, - делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің хабарламасында.

Оқыту семинарына 300-ден астам адам қатысқан. Оның қорытындысы бойынша қатысушылар осы бағдарлама негізінде оқытудың өзектілігін атап өтті. Қатысушылар іс-шараны өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы  мемлекеттік саясат "»Ең алдымен адамдар» басты қағидатына сай келуі тиіс. Осы саясаттың тиімділігін бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына тигізетін әсерін көрсетуі тиіс.

Мемлекет пен қоғам қатынасының «төрешіл» моделінен басқарудың проактивті, сервистік және азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш нысанына көшу мемлекеттік қызмет берушілер үшін негізгі мақсат болуы керек.

Осылайша, азаматтар өздері үшін маңызды шешімдерді тыңдауға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік аппаратқа деген сенім деңгейін арттырады, - деп атап өтті ведомство.

Все новости