00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Шошып кеттік!»: Алматы облысында элеваторда жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 07:41
Елорда ақпарат
96

Әлеуметтік желіде ғимараттың жарылғаны түсірілген видео тарады. Кадрда нысанның арнайы жарылыстардан кейін қалай құлағаны көрсетілген. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, жұмысты мамандар жүргізген.

Тұрғындар элеватор балалар үшін қауіпті болғанын, себебі жергілікті балалар қараусыз қалған нысанда ойнағанды ​​ұнататынын айтады.

Нысандағы алғашқы жарылыс былтыр тамызда болған. Жергілікті басшылық қираған ғимарат орнына ауылға қажет әлеуметтік нысан салынатынын айтты.

«Ертерек неге айтып ескертпейді екен. Үйде отырып шошып кеттік», «Элеватор, сау бол, жастық шақ», «Неге жылағым келіп отыр?», «Онда құстар өмір сүріп еді», «Бұзып тастағаны өкінішті», - деп жазып жатыр жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

 

Все новости