00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Латвияда гүлдің бірегей сортына «Dimash Qudaibergen» атауы берілді

25.02.2023 | 07:21
Елорда ақпарат
116

Осыдан тура екі жыл бұрын Димаштың латвиялық «Dimash Latvia Dears» фан-клубының өтініші бойынша Балтық рододендрондарының ең үлкен бағында «Dimash Qudaibergen» деп аталатын күлгін-қызыл гүлдері бар осы патша гүлдерінің жаңа сорттары тіркелді.

Сорттың авторы — Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин.

Бір жылдан кейін бұл патшалық өсімдіктердің гүлдену кезеңінде 50 мыңға жуық адам баратын латвиялық «Babite» рододендрондар паркінде Димаштың фан-клубының бастамасымен тағы да «Қазақстан бұрышы»  ашылды.

Дәл сол жерде әншінің әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне «Miuaniz» деп аталған бозғылт қызғылт түсті гүлшоғыры бар жапырақты сорттары және Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай алтын-сары гүлдері бар «Qazaqstan» сорты да егілген.

Все новости