00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Суды ұтымды пайдалануды арттыру қажет – Смайылов

25.02.2023 | 07:12
Елорда ақпарат
44

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сай, барлық су тоғанынан елді тұрақты суаруға шамамен 11,6 текше километр су жұмсалады. Оның 11,3 текше километрі немесе 97%-ы 4 оңтүстік облысқа тиесілі. Ол – 1,28 млн гектар суармалы алаңы бар, яғни ел бойынша барлық суармалы алаңның 80%-ын құрайтын Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Соңғы жылдары су тапшылығы елдің оңтүстік өңірлерінде білінуде. Осы өңірлерде вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін былтырғы қарашадан бастап алдағы вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары басталды, – деді С. Брекешев.

Талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов вегетациялық кезеңнің жақсы өтуі алдағы маусымдағы егістің өнімді болуына ғана емес, түптеп келгенде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ол Қазақстандағы сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі бастауын трансшекаралық өзендерден алатынын атап өтті. Өзен суларының тең жартысына жуығы бізге сырттан келеді. 

Бұл ретте, сарапшылардың болжауына сай, 2040 жылға қарай Қазақстанда суды тұтыну көлемі 56%-ға өседі, ал су тапшылығы жылына 12 текше километрге дейін жетуі мүмкін. Оның үстіне Қазақстандағы өзендердің тартылып бара жатқаны білінеді. Мұның барлығы еліміздің оңтүстік өңірлерінінің су тапшылығынан зардап шегуіне әкеледі.

Осыған байланысты Үкімет басшысы суды тиімді пайдаланудың өте өзекті мәселе болып отырғанын айтты.

Мәселен, ауыл шаруашылығына арналған судың небәрі 60%-ы ғана егіс алқаптарына дейін жетеді. Қалған бөлігі инфрақұрылымның нашарлығынан далаға кетеді. Сондықтан каналдар мен су қоймаларын жөндеп, су ресурстарын басқаруды автоматтандыру қажет.

Әкімдіктер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, су шаруашылығы объектілерін цифрландыру және автоматтандыру жөніндегі жол карталарын уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Каналдар мен су қоймаларының меншік иелері өз міндеттерін нақты орындайтын болса, жөндеу жұмыстарын және су ресурстарын басқаруды жетілдіруге мемлекеттік қолдау шараларымен ынталандыру маңызды, – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы суармалы суды тиімді бөлу керектігіне назар аударды. Әкімдіктер суды көп қажет ететін дақыл алқаптарын қысқарту үшін фермерлер арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. 

Все новости