00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әскери техниканы сатып жібермек болған атыраулық ұсталды

25.02.2023 | 05:31
Елорда ақпарат
77

Атырауда 35 жастағы ер адам бронд­алған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) заңсыз сатуға тырыс­қан. Бұл туралы 12 сәуірде полицияға жед­ел ақпарат түскен. Оны Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматқа тиесі­лі әскери көлік табылып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу") бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалған.

Все новости