00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады

25.02.2023 | 05:28
Елорда ақпарат
39

Қазір аудандық әкімдіктер фонтан кешендерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының теңгерімінде екі субұрқақ нысаны бар. Ағымдағы жылы аудан әкімдігі оларды қайта жаңартуды жоспарламайды.

Сарыарқа ауданында барлық субұрқақтар әкімдік қарамағында емес. 10 нысанның біреуі Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының теңгерімінде. Бұл ретте субұрқақтардың каскады биыл әкімдіктің балансына беріледі. 

Алматы ауданында да субұрқақтар іске қосылып, қайта қалпына келтіріліп жатыр. Аудан әкімдігінің балансында 9 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар.

Сонымен қатар субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы - Есіл ауданы. Ауданда барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 46 субұрқақ кіреді. Аудандық әкімдікте атап өткендей, екі субұрқақ толық қайта құруды қажет етеді, бұл Дипломатиялық қалашықтағы шаршы субұрқақ пен фонтан. 

 

Все новости