00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Экологиялық талаптарды бұзғандарға әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті

25.02.2023 | 05:18
Елорда ақпарат
106

Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен қатар тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін өткен жылдың маусым айынан бастап экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті. Жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-тен 100%-ға дейін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200%-ға дейін.

2022 жылдың басынан бері 659 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 млн 400 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Все новости