00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Астанаэнергосбыт» ЖШС электр энергиясы төлемдерін негізсіз өсірген

25.02.2023 | 04:45
Елорда ақпарат
97

«Астанаэнергосбыт» ЖШС әрекеттерін тексеру қорытындылары бойынша электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібін бұзушылықтар анықталды, бұл тұтынушыларға төлемге қойылған негізсіз жоғары сомаларға алып келді. Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы, тұтынушылардың бірі бойынша төрт айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың теңгені құрады, – делінген хабарламада. 

Осыған байланысты, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, оған сәйкес 2000 АЕК немесе 6 млн теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген.

Одан бөлек, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ының атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушыларына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, тұтынушылар ұсынылған шоттардың негізсіз артық көтерілгенін анықтаған жағдайда, қайта есептеу жүргізу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ының атына жүгінуге құқылы.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ының тарапынан қайта есептеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, тұтынушылар Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады.

Все новости