00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр

25.02.2023 | 04:13
Елорда ақпарат
65

Қазіргі уақытта Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы облыстық маңызы бар жолдардың 4 учаскесінде, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде, Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар учаскесіндегі бір көпірде су тасқыны болып жатыр, – делінген министрліктің хабарламасында.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштерімен аула аумақтары мен көшелерден 126,6 мың м3 еріген қар суы сорылды. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында инертті материалдары бар 4 895 қап төселді.

Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан 657 адам, 156 бірлік техника, 74 су сору құралы және 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға (қаптар төсеу, топырақ үйіп бекітілген жерлерді нығайту, еріген қар суын сору) ТЖМ 52 859 және 68 303 әскери бөлімдерінің 55 адамы мен 6 бірлік техникасы тартылды.

Все новости